03 Қаз 2020
Жаңалықтар

“Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай” тақырыбында “Адалдық сағаты” республикалық акциясы өткізілді

Қазақстан республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 15.05.2020 жылғы №2133 санды кіріс хаты негізінде №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің жоғары буын 9-11 сыныптары арасында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай “Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай” тақырыбында “Адалдық сағаты” республикалық акциясы өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларымызға жақсы білім беріп қана қоймай, адалдық, парасаттылық,сенім құндылықтарын Ұлы Абай атамыздың бізге қалдырған мұраларымен ұштастыра отырып, тереңінен түсіндіру. Оқушылар https://youtu.be/ZSM38Eh37YQ желісі арқылы сабақты тамашалап, өз ойларымен бөлісті, қазіргі қоғамда орын алып отырған оқиғаларға пікірлерін білдіріп, адал еңбектің қашанда жоғары тұратындығын және адамгершілік құндылықтардың жастар өмірінде маңыздылығы туралы құнды ойларын ортаға салды.