№27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің тәрбие бөлімі бойынша сәуір – мамыр айында өткізілген шаралар фотоесебі
Ағымдағы жылдың 3 сәуірі күні №27 И. Тайманов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбы мен 1-11 сынып оқушыларына қашықтан оқу бойынша сынып сағаты ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде:
1. “Мен қашықтан қалай оқимын?”
2. “Өзіңді вирустық аурудан қалай сақтауға болады?” тақырыбында Zoom бағдарламасы арқылы өткізілді. Сынып жетекшілер өз сыныптарына слайдтармен, видеороликтермен дайындалған сабақтар өткізіп, елімізде болып жатырған жағдайларға түсінушілікпен қарап, вирустан сақтанып, алдын-алу қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Барлық оқушылар Zoom платформасы арқылы қосылып, кері байланыс ретінде оқушылар ватсап желісі арқылы өз ойларымен бөлісті.
V-тоқсан қашықтықтан оқыту жүйесіне мұғалім, ата-ана мен оқушыларда бұл жүйеге қалыптасты. Дегенменде оқушының мектепке, ұстазға деген сағыныштары және ата-аналарының айтар алғыстары шексіз….
Мектепалды даярлық тәрбиеленушілеріде #БізБіргеміз челленджін қолдайды.
1 сәуір – Халықаралық құстарды қорғау күніне орай “Құстар – біздің досымыз!” тақырыбында 5 “в” сынып оқушыларының сынып сағаты өтті.

Тәрбие жұмысының қашықтан оқу жүйесіне көшуіне орай сәуір айының айлық жұмыс жоспарына сәйкес оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 5 – 9 сыныптар арасында «Мен бос уақытымда….» және “Шебердің қолы – алтын” тақырыбында оқушылар қолөнер бұйымдарын жасады.
Кемеңгер ақын – Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орайластырылған “Абай-дана, Абай – дара қазақта” атты мәнерлеп оқу эстафетасына «Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушылары қатынасты.
Ақын шығармаларының мағынасы терең, тәрбиелік мәні жоғары. Бұл игі бастама сол мазмұнды туындыларды кеңірек насихаттап, Абай айтқан ізгі қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатын көздейді.

5 “ғ” сынып оқушысы Маратұлы Дінмұхаммед Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақынның “Көзімнің қарасы” өлеңін арнайды

Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Кемеңгер ақын – Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орайластырылған “Абай – дана, Абай – дара қазақта” атты мәнерлеп оқу челленджіне атсалысты.
Қалалық білім бөлімі,Облыстық Білім беру басқармасының әдістемелік орталығының №339 27.04.2020жылғы хаты негізінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1-11 сыныптар аралығында “ZOOM” платформасы мен “Whatsapp” мессенджерлері арқылы “Бірлік пен келісім” тақырыбында қашықтықтан сынып сағаттары ұйымдастырылды.
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай белсенді оқушыларымыздың қашықтықтан ұлт өкілдерінің би флешмобы ұйымдастырылды.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай “Ұранды елдің – ұрпағы қайсар” атты қашықтықтан сынып сағаттары өтті.
Атырау қалалық білім бөлімі, Облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының №343 санды хаты негізінде оқушыларды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, оның тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай, “Батырларды еске алуға арналады” тақырыбы аясында бірыңғай онлайн сынып сағаттары өтті.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Nur Otan партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ҰОС мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында мектебіміздің оқушылары соғысқа қатысқан аталарының өмір жолы мен соғыстағы ерен батырлығы туралы Менің атам майдангер” тақырыбында онлайн бейнежазба дайындап мәлімдеді.
6 “в” сынып оқушысы Амирова Қарақат
4 “б” сынып оқушысы Маратова Жұлдыз
6 “а” сынып оқушысы Сақи Ернұр
8 “а” сынып оқушысы Лимарова Венера
10 “а” сынып оқушысы Акмурзиева Дильназ
“Жеңіс туын желбіреткен бабалар рухына мың тағзым” атты челленж ұйымдастырылды.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған “Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс!” атты мектепішілік онлайнға оқушыларымыз қатысып өнерлерін көрсетіп, марапатталды.
“Ерліктері ұрпаққа – ұран, елге мұра” болған ержүрек жерлестерімізді, тылдағы тынымсыз тірлік қылған еңбеккерлердің ерліктері туралы естеліктерді насихаттау мақсатында мектебіміздің белсенді оқушылары бейнеролик дайындады.

Атырау облысы Білім беру басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №3-15-6/1599-И хаты негізінде «Отбасы сағаты» атты республикалық акцияның іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің оқушылары “Мақал-сөздің мәйегі” атты онлайн челленджге белсене қатынасты.
{gallery}123/88{/gallery}
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасы аясында 6 “Ә” сынып оқушысы Құрал Далиданың “Мақал-сөздің мәйегі” атты жұмысы.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналған “Отбасы сағаты” атты республикалық акцияның іс-шаралар жоспарына сәйкес отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында “Әке-асқар тау, ана-мөлдір бұлақ, бала-жағасындағы құрақ” атты коллаж және онлайн бейнеролик байқауы ұйымдастырылды. Байқау жеңімпаздарын анықтау инстаграмм желісінде жарияланған видео жұмыстары лайк және пікірлер жинау арқылы анықталып онлайн марапатталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» «Отбасымен бірге жаттығу. #Бірге үйренеміз челленджі аясында
5 сынып оқушысы Айсин Расул отбасы мүшелерімен бірге дене жаттығуларын үйде орындауда.
