02.03-06.03 күні аралығында 8 наурыз мерекесіне арналған “Қыздарға әсемдік жарасады” апталығы аясында дәлізде көрме жасақталып, сыныптарда сынып сағаттары өтті. Қыздарға қырық үйден тыйым ұғымдарының мәнін ашу;қыздарды инабаттылыққа, сыпайылыққа,әдептілікке тәрбиелеу мақсатында қыздар ұйымының жетекшісі К.Жумагалиева ұйымдастыруымен 8 сынып қыздарының қатысуымен “Қызға қырық үйден тыйым” атты сырласу сағаты ұйымдастырды. “Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю” мақалына түсінік жұмысын жүргізіп, қыздармен пікір алмасты.