25 қараша - 10 желтоқсан аралығында Республика көлемінде өткізіліп жатырған "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" атты Республикалық науқан өтуіне орай, сыныптарда "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3 желтоқсан күні Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларымен педагог ұйымдастырушы Э.Суесинова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Мукашева, мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Гузель Құрманқызы "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында онлайн режимінде «ZOOM» платформасы арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, соңында оқушылардың сұрақтарына жауап берді.