11 Маус 2021
Жаңалықтар

Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу

24 қазан күні 8 - 11 сынып қыз балаларының қатынасуымен №3 Атырау қалалық емхананың "Үміт" жастар денсаулығын сақтау орталығының акушер-гинеколог маманы Шакибалиева Гульфара Жаскайратқызымен  "Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу" тақырыбында онлайн режимінде кездесу өтті. Онда қыздарға ерте жүктіліктің салдары қандай болады; оның адам өміріне тигізетін келешектегі қауіп-қатері қандай; тағы басқада осындай үлкен сұрақтың төңірегінде әңгіме қозғалды. Қыздардың тарапынан қойған сұрақтары мен пікірлері талқыланды. Кездесу соңында жасөспірім қыздарға салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға кеңестер берілді.