2020 жылы 21 тамыз күні Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында білім алушыларды оқыту форматтарымен таныстыру мақсатында "Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?" тақырыбында мектебіміздің оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылды.
Сынып сағаттың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
- Карантиндік шаралар кезіндегі оқыту форматтары;
- Қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет-платформаның мүмкіндіктерімен танысу;
- Мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік);
- Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі;
- Интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.
Аталған мәселелер бойынша әр сынып жетекші сынып сағатын қашықтық форматында өткізіп, оқушылардың ойларын тыңдады.