03 Қаз 2020
Жаңалықтар

2020 жылы 20 тамыз күні ZOOM платформасы және WhatsApp желісі арқылы жаңа оқу жылына даярлық

Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінде 2020 жылы 20 тамыз күні ZOOM платформасы және WhatsApp желісі арқылы жаңа оқу жылына даярлық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» ата-аналар жиналысы өтті.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.

Жиналыста оқу жылындағы оқу форматтары, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау, қашықтан оқытудағы баланың іс-әрекеттері, интернетті қауіпсіз пайдалану ережелері, білім алушыларды бағалау жүйесі және т.б. мәселелер жөнінде ата-аналарға көптеген ақпараттар беріліп, қашықтан оқытуға баланың психологиялық жайлылығына арналған кеңестер берілді.

Қазіргі таңда орын алған жағдайға байланысты ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.