03 Қаз 2020
Жаңалықтар

2020-2021 оқу жылы 1 қыркүйек – Білім күнінде «кезекші» 1 сыныптар үшін

ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, сондай ақ короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Атырау қаласы  №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінде   2020-2021 оқу жылы 1 қыркүйек – Білім күнінде «кезекші» 1 сыныптар үшін мектепте арақашықтықты, санитарлық эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып сынып сағаттары өткізілді, ал  2-11 сынып оқушылары онлайн түрде Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мерекелік тақырыптарында сынып сағаттары өтті.