03 Қаз 2020
Жаңалықтар

“Сыңғырла, соңғы қоңырау!” атты 1-10 сынып оқушыларының ZOOM, Whatsapp платформалары арқылы сынып сағаттары қашықтықтан өткізілді

№27 И.Тайманов атындағы орта мектебінің 2019 – 2020 оқу жылының аяқталуына орай 25 мамыр күні адамгершілік құндылықтары берік негізі бар нәтижеге бағдарланған жан-жақты тұлға қалыптасуына бағыт-бағдар беру, туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту; Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі “Сыңғырла, соңғы қоңырау!” атты 1-10 сынып оқушыларының ZOOM, Whatsapp платформалары арқылы сынып сағаттары қашықтықтан өткізілді.

Мектеп директоры А.С.Косымбаева  2019-2020 оқу жылын қорытындылап, ұстаздарға, ата-аналарға ыстық лебізін білдіріп, мектеп түлектеріне алдағы үлкен қадамдарына ақ жол, сәтті қадам тіледі.
Қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 85 жыл толуына орай оқушылар ақынның шығармаларын оқыды.