Қалалық білім бөлімі, Облыстық білім беру басқармасының 2020 жылғы наурыздағы №15-3-35/85 санды хатына сәйкес, ағымдағы жылдың 06.04.20ж бастап қашықтықтан окытудың дайындығын жүргізу мақсатында онлайн ZOOM бағдарламасы арқылы “Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?” тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті. Сынып жетекшілер қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған жадынамаларымен таныстырды.
Ата – аналар өз ойларымен бөлісті. Ата аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты,жүйелі жауап берілді.