22 Маус 2021
Жаңалықтар

"Алтын белгі" иегерлеріне төс белгісін табыстау

2021 жылдың 14 маусымы күні 11 сынып түлектеріне Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік ұландары" атты аттестат табыстау салтанаты кеші өтті.

Биылғы 2020-2021 оқу жылында 11-сыныпты жалпы 39 оқушы тәмамдады. Оның 2-уі "Алтын белгі" иегерлері Сисенова Анель Қайсарқызы және Хайрулла Аяжан Хайруллақызы.

Түлектеріміздің алғашқы қуанышты сәттерінде мектеп директоры Косымбаева Ару Сүндетовна құттықтау сөз сөйлеп, "Алтын белгі" иегерлеріне төс белгісін табыстап, түлектерге орта мектепті бітіру туралы құжаттарын, жекелеген пәндерді "өте жақсы" оқығаны үшін мақтау грамотасын және Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы С.И.Есенғалиевтің Алғыс хатын табыстады.