19 Маус 2021
Жаңалықтар

"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына 14 жас қыран, 12 жас ұлан ұйым мүшелерін салтанатты қабылдау жиыны өтті

Ағымдағы жылдың  20 мамыры күні "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына  14 жас қыран, 12 жас ұлан ұйым мүшелерін салтанатты қабылдау жиыны өтті.

Мақсаты:  Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Оқушылар Республикалық бірыңғай  «Жас Ұлан»  ұйымының қатарына кіре отырып, Қазақстан Республикасының патриоты болуға, Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге, туған елін, жерін мақтаныш етуге, ата – анасын қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты, отансүйгіш азаматы болуға салтанатты түрде ант берді.