Ағымдағы жылдың 5 мамыры күні Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиолог көмекшісі Имангалиева Жупар Махмединқызы 9-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді.
Маман жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру мақсатында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіре отырып, ақпарат бетшелері таратылды.
