Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні 9 сынып қыз балалардың қатынасуымен "Ерте жастан жүкті болудан сақтану" тақырыбында мектеп психологы Эльвира Абатовна және медбике Гульпара Кадргалиевна қыздарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қыздарға ерте жүктіліктің салдары қандай болады; оның адам өміріне тигізетін келешектегі қауіп-қатері қандай; тағы басқада осындай үлкен сұрақтың төңірегінде әңгіме қозғалды. Қыздардың тарапынан қойған сұрақтары мен пікірлері талқыланды. Жасөспірім қыздарға салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға кеңестер берілді.
