Қазақ халқының ұлы батыры, бодандық езгіге қарсы тұра білген көрнекті қолбасшы Исатай Тайманұлының 230 жылдығына орай іс-шаралар жоспарына сәйкес "Исатай деген ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар", "Еліміз еркіндігін аңсаған - ер Исатай", "Арыстан туған Исатай....", "Тарихтың һас батыры", "Исатай ел қорғаны" тақырыптарында тарих пәні мұғалімдері онлайн форматта ашық сабақ және тәрбие сағаттарын ұйымдастырды.
Барлық сыныптарда "Ерлік пен елдіктің өшпес рухы" тақырыбында сынып сағаты өтті.