«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде». Себебі, Бірінші байлық – денсаулық». Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде аталып өтіледі. Осыған орай, 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай кезекші сынып оқушылары таңғы жаттығулар жасады.