16 Маус 2021
Жаңалықтар

"Сау болу - сәнді!"

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру (СӨСҚО) орталығының мамандарының ұйымдастыруымен "Сау болу - сәнді!" тақырыбында семинар/дәріс өткізілді. Шараның басты мақсаты: өмірдің барлық кезеңдерінде салауатты өмір салтын ұстану арқылы жеке бастың денсаулығын сақтау мен нығайту, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру, дене белсенділігінің деңгейін арттыру. Оқушыларға осы мақсатта түрлі ақпараттар беріліп, сұрақтар қою арқылы оқушылардың салауатты өмір салты туралы білімдері кеңейтілді. Шара соңында ақпараттық оқыту материалдары таратылды.