16 Маус 2021
Жаңалықтар

"Қазақстан балалары - көктем шақырады!"

"Қазақстан балалары - көктем шақырады!" көктемгі каникул жоспарына сай, 27 наурыз - Кино күніне орай «Кино күні-кино әуесқойларына арналған кинозал» ұйымдастырылды. Мақсаты:оқушыларға кино өнерінің рөлін түсіндіру,отандық киноны құрметтеу,адами құндылықтарды қалыптастыру. Кино оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің құралы болып табылады.Әдеби шығармалардың келесідей фильмографиясы ұсынылды: «Біздің заманның батырлары», «Сергей Есенин», «Одиссей», «Ясон және аргонавтар», Р.Стивенсон «Қазына аралы», «Қара жебе», Жюль Верн «Он бес жасар капитан», А Линдгрен «Ленебергиден келген Эмиль», ағайынды Гриммдердің ертегілері бойынша түсірілген фильмдер және басқалар.Оқушыларға әдеби шығармалардың фильмографиясының сілтемелерін ұсыну арқылы қазақстандық режиссерлардың танымдық фильмдерімен танысуға мүмкіндікті пайдалану сәті түсті.