16 Маус 2021
Жаңалықтар

«2021 жылдың I жартыжылдығына арналған халықтың мақсатты топтарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы жоспар» бойынша оқушылармен кездесу өтті

жартыжылдығына арналған халықтың мақсатты топтарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы жоспар» бойынша оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге 9-11 сынып оқушылары қатысты. Кездесудің мақсаты: экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беру, оқушыларды БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту, келешек ұрпақты өмір қауіпсіздігі,жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу; Кездесуге Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Муханбеталиев Даурен Максимұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының геологы Сариев Сұлтангелді Серікұлы, Орынғалиев Ринат Сембайұлы, «Жусан» гуманитарлық операциясы бойынша елімізге оралған отбасы мүшесі Перизат Еркінбай, Ішкі істер қызметінің ардагері Шакиров Толыбай келді. Оқушыларға діни экстремизм жайында мәліметтер беріліп, қоғамда болып жатырған жағдайларға мысалдар келтіре отырып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Оқушылар белсене қатысып, қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алды.