12 Маус 2021
Жаңалықтар

Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  29 жылдығына арналған "Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым" атты апталық жоспарына сәйкес, 11.12 күні мектеп кітапханасында  оқушыларға патриоттық тәрбие беру, желтоқсан оқиғасындағы ержүрек ұл, қыздарымызды үлгі тұту, олардан өнеге алуға және халқының тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында  "Тәуелсіз ел - Қазақстан" тақырыбында кезекші сынып оқушыларының қатысуымен  кітап көрмесі өтті. Кітапхана меңгерушісі  Л.Абишева оқушыларға тәуелсіз еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған  кітап көрмесімен таныстырды.