11 Маус 2021
Жаңалықтар

Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі

Қалалық Білім Бөлімі, Атырау облысы Білім беру басқармасының 2020 жылғы 18 қарашадағы №15-4-8/2739 санды хаты негізінде Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күнін өткізу аясында 23 қараша күні Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінде санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, өзін - өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» тақырыбында шаттық шеңберлері, сынып сағаттары, әңгімелесулер өтті. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі жасақталды.

Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.