11 Маус 2021
Жаңалықтар

Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік

20 қараша күні  Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы және алдын алу жөніндегі Атырау облыстық орталығының Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне орай ұйымдастырылған «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында  9-11 сынып оқушыларының қатынасуымен Атырау облыстық ЖИТС-қа қарсы күрес және алдын-алу орталығының маманы, педагог Тұнғатарова Айша Затымқызымен кездесу өтті.

Кездесу барысында орталық маманы оқушыларға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі АИТВ/ЖИТС дертін алдын-алу, оның жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы баяндады.