14 қазан күні онлайн режимде «ZOOM» платформасы арқылы "АИТВ инфекциясының таралу жолдары және оның алдын алу" тақырыбында 11 сынып оқушыларының қатынасуымен Атырау облыстық ЖИТС-қа қарсы күрес және алдын-алу орталығының маманы, педагог Тунгатарова Айша Сатымқызымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Атырау облысы ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова АИТВ инфекциясының таралу жолдары және оның алдын алу амалдарын баяндады.
- Пандемия кезінде иммундық жүйенің аса маңызды екенін, карантиндік режимді қатаң сақтау қажеттігіне аса назар аудару;
- АИТВ инфекциясымен қоғамда өмір сүріп жатқан адамдарға халықтың көзқарасын өзгерту қажеттігін, ол адамдардың құқын қорғайтын заңдылықтар;
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол таңда», жасөспірім ұрпаққа, келешек өмірлерінің жарқын болу үшін бүгіннен ойлану қажеттігін айтып қорытындылады.
https://taimanovsch27.edugov.kz/zhanalyktar-mektep-27/10205-%D0%B0%D0%B8%D1%82%D0%B2-%D0%B8%D0%BD%D1%84%D0%B5%D0%BA%D1%86%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%83-%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B-%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5-%D0%BE%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D0%BD-%D0%B0%D0%BB%D1%83.html#sigFreeId08c689ef8d