№27 И.Тайманов атындағы орта мектеп бойынша "Қауіпсіз мектеп ортасы" республикалық акциясы аясында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру.
Акция барысында кезекші бастауыш сынып оқушыларына жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп инспекторы Г. Куркембаева және бастауыш сыныптар бойынша тәлімгер А.Қазиева оқушыларға жолда жүру ережелерімен және мектеп жанында орналасқан жол белгілерімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында мектеп оқушыларына онлайн режимінде сынып сағаттары өтті.