09 Маус 2021
Жаңалықтар

Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?

2020 жылғы 17 қыркүйек күні №27 И.Тайманов атындағы орта мектеп бойынша онлайн режимінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша сынып жетекшілерінің ата-аналар қауымдастығымен түсіндіру жұмыстарын белсендіру, қашықтан оқыту форматында балаларды оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды ақпараттандыру мақсатында «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» атты бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті.

Барлық сынып жетекшілер тақырыпқа сай мәселелерді қарап, ақпараттық платформа, оқыту форматтары туралы егжей-тегжейлі айтылып, балаларды ынталандыру және жауапкершілігін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Жиналыс ата-аналарға тиімді платформамен ұйымдастырылды.