Атырау қаласы №27 И.Тайманов атындағы орта мектеп бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы №3827 Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылдың 7-13 қыркүйек аралығында жоспарланған "Отбасы - бақыт аясы" атты апталықтың іс-шаралары өткізілді.
Мектебіміздің 5 "ә" сынып оқушылары "Өзіңізге алғысым шексіз!" тақырыбында оқушылар отбасындағы алғыс білдіру хатын дайындап, отбасы ішіндегі жақын адамға алғыс ретінде сыйға тартуды ұсынды.